Мәскеуде су добынан екі әуесқой команда арасындағы матч жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Төбелестің видеосы Желіде жарияланды.

Куәгерлердің айтуынша, жанжалды бір команданың бапкері бастаған. Ол ойыншылардың бірімен жанжалдасып қалған.

Видео кадрынан спортшының ер адамға доп лақтырғанын, кейін соңғысы суға секіре кеткенін көруге болады. Артынша басқа да қатысушылар жаппай төбелеске араласып кетті.