Софияда (Болгария) өткен көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық гимнастшы Адиля Тілекенов 23-ші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сында ресейлік Александра Солдатова (82,45 ұпай) жеңімпаз атанса, израильдік Линой Ашрам (80,45) екінші, болгариялық Катрин Тасева (80,15) үшінші орын иеленді.

Қазақстан атынан қатысқан Адиля Тілекенова мен Даяна Әбдірбековалар тиісінше 23-ші және 42-ші сатыдан көрінді.

Топтық жаттығуды Қазақстан құрамасы 34,2 ұпай жинап, 10-шы сатыдан көрінді.