Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosрorts.kz сайты.

Отандасымыз Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында мексикалық Кристиан Оливаске қарсы шайқаста жеңіске жеткен болатын.

- Бұл жекпе-жекке өте жоғары деңгейде дайындалдық. Мансабымдағы алғашқы 10 раундтан да өтіп алдық. Маған бұл да өте маңызды. Құдайға шүкір, Америкада өткізген төртінші жекпе-жегімде екі белбеуді қанжығамызға байладық. Командамның еңбегі зор.

Үлкен аренада өнер көрсетуіме мүмкіндік берген Промоутерім Боб Арум мен менеджерім Эгис Климасқа алғыс айтамын. Жұдырықтасуға дайындаған бапкерім Бадди МакГирдқа, Джоеға, Ройға рақмет. Өзімнің ағам, бауырым Берік Сұлтанға алғыс айтамын. Сіздерге де көп рақмет! Бұйыртса, бірлік туының астында әлі талай белестерді бағындыратынымызға сенемін, - дейді Әлімханұлы.