Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Лугано (Швейцария) турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Швейцариялық Белинда Бенчич пен словакиялық Виктория Кузьмова жұбына қарсы ойнаған қазақстандық-ресейлік жұп екі сетте 6:3, 7:5 есептерімен жеңіске жетті.