Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров рингке оралу үшін жаттығуын қайта бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жанқош өзінің Инстаграм парақшасында алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ол қазір қазақстандық бапкер Сағатбек Мұсахановтың қол астында жаттығып жатыр.

«Рингті сағындым десем болады, жақыда өз спорттағы карьерамды жалғастырамын, барша жанашыр бауырларыма, жанкүйерлеріме алғысым шексіз», - деп жазды Тұраров.

Айта кетейік, Тұраров кәсіпқой бокстағы мансабын 2009 жылы бастап, 22 жекпе-жек өткізді. Оның бәрін жеңіспен аяқтаған, 15-ін – нокаутпен.