Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosрorts.kz сайты.

Отандасымыз Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында мексикалық Кристиан Оливаспен шыққан. Он раундқа созылған жекпе-жекте Жәнібек қарсыласынан басым болды. Сондықтан төрешілер бір ауыздан жеңісті Әлімханұлына берді.

Естеріңізге салсақ, бұл кездесуде боксшылар орта салмақта WBA Global және WBC Continental Americas белбеулерін сарапқа салған еді. Енді олар қазақстандық боксшыға тиесілі.

Айта кетейік, Жәнібек өз мансабында алғаш рет 10 раундтық жекпе-жек өткізіп отыр.

Бұған дейін Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Әлімханұлын қазақстандық Геннадий Головкиннің ізбасары деп атаған болатын.