Швейцариялық теннисші Роджер Федерер кезекті рет рекорд жаңартты.

37 жастағы теннисші ATP рейтингінің үздік 100 спортшысы қатарында болу ұзақтығынан америкалық Андре Агассидің рекордын жаңартты.

Дәл қазір Роджер Федерер рейтингтің жүздігінен шықпай келе жатқанына 1020 апта өтті. Швейцариялық теннисші жүздіктегі орнын 1999 жылдың қазан айынан бері сақтап келеді.