Еременко кубогы аясындағы «Қайрат» пен «Газпром-Югра» арасындағы кездесуі аяқталған соң қонақтардың капитаны төрешілерге көңілі толмайтынын айтты. Алматылықтар болса өз жанкүйерлеріне алғысын білдірді. «Газпром-Югра» капитаны Александр Копейкин:

- «Қайратқа» қарсы ойнау ылғи да ауыр – төртке бес ойнадық, Игита жиі шабуылдады. Ресей чемпионатында біз көп матч өткіздік сондықтан физикалық тұрғыда шаршап қалдық. Дегенмен, «Қайрат» үш гол қайтарып, жеңіске жетті. Ал бүгін қапталда жұмыс істеген төрешіге еден жуғызу керек. «Қайрат» капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов:

- Өте қиын кездесу, әсіресе бірінші таймда қисын болды. Төрт голды өз қателігмізден жіберіп алдық. Үзілісте ес жиып алаңға бесінші ойыншымен шықтық. Соның арқасында екінші таймда жағдайды түзедік. Жанкүйерлерге алғысым шексіз. Матч бойы бізді белсенді қолдады. Келесі қарсыласымыз – «Синара». Олармен Урал кубогында жиі кездескенбіз. Өте мықты ұжым. «Қайрат» қақпашысы Игита:

- Алғашқы таймда сәтсіз ойнадық. Бірақ, екінші кезеңде жігерленіп жеңіске жеттік. Жанкүйерлерге рахмет, олардың қолдауысыз жеңіске жетпес едік. Барлықтарыңызды финалдық кездесуге шақырамын. «Қайрат» шабуылшысы Тимур Мұрзабаев:

- Бүгінгі ойын - нағыз «шоу» болды. Қос ұжым да мықты ойнады. «Газпромдықтар» біздің бесінші ойыншымыздан қорғануға дайын болмай шықты. Соның арқасында жеңіске жеттік деп ойлаймын.