Қазақстан футбол федерациясының Тәртіпік-бақылау комитетінің кезекті отырысында 5 бірдей футболшы алдағы матчтардан шеттетілді.

Қазақстан Премьер-лигасы, IV тур

«Ертіс» - «Тараз»

Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында өткен «Ертіс» - «Тараз» матчында төрешіні иығымен қаққаны үшін және балағат сөз айтқаны үшін «Тараздың» футболшысы Рахымжан Розыбакиев барлық жарыстардан 3 айға шеттетілді.

ҚР Кубогының 1/8 финалы

«Оңтүстік Академиясы» - «Қайсар»

«Қайсар» клубының ойыншысы Тигран Барсегян матч төрешісін балағаттағаны үшін төрт ойыннан шеттетілді.

«Атырау» - «Жетісу»

Қарсылас команданың ойыншысына қарсы дөрекі ойнағаны үшін «Жетісу» клубының футболшысы Дэйвид Мавутор екі матчтан шеттетілді.

«Каспий» - «Қайрат»

Қазақстан Кубогының 1/8 финалында «Каспий» командасына қарсы ойнаған «Қайраттың» екі бірдей футболшысы 5 матчқа шеттетілді. Атап айтқанда, қарсыласын баспен ұрған Нұрәлі Әліп және қарсыласын қолмен ұрған Елдос Ахметов алдағы 5 ойында командасына көмектесе алмайды.