PUBG ойынынан Global Championship турнирінің алғашқы іріктеу кезеңіне қатысатын командалар белгілі болды.

Аймақтық іріктеу чемпионаттарының қорытындысы бойынша FACEIT Global Summit жарысына Оңтүстік Корея, Қытай, Еуропа және Солтүстік Америкадан 4 командадан, Оңтүстік-Шығыс Азиядан 3, Тайвань елінен 2 және Жапония, Оңтүстік Америка, Мұхит елдерінен 1 командадан шықты. Жалпы алғанда 24 команда $400,000 құрайтын жүлдені сарапқа салады.

Айта кетейік, FACEIT Global Summit жарысы 16-21 сәуір күндері аралығында Лондон қаласындағы ICC Auditorium ғимаратында өтеді.