Футзалдан Еременко кубогы аясындағы төрттік финалдың екінші матчында алматылық «Қайрат» пен «Газпром-ЮГРА» күш сынасты.

«Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінің төріне екінші жартылайфиналдық жұп «Қайрат» пен «Газпром-ЮГРА» командалары шықты. Матчтың отызыншы секундында Алешандре сол қапталдан соққы жасады, бірақ дәлдік жетіспеді. Қарымта шабуылда Жоан қателісіп, «Газпром» ойыншысы бірінші минутта есепті ашты - 1:0. Жоан жіберген оқылықтың орнын өзі толтырды, Фумасаға ауттан әдемі пас шығарып беріп, соңғысы таразы басын теңестірді. Алматылықтар бірден алға ұмтылды. Ойын үлкен қарқын алды. 14-ші минутта ресейліктер есепті еселеді, гол авторы – Лысков. Бір минуттан соң, «Қайрат» ойыншысы Алешандре бұрыштамадан кейін есепті теңестірді – 2:2. Араға екі минут салып «ЮГРА» қайтадан алға шықты. Чистополов оң қапталдан сытылып өтіп, Игита қорғаған қақпаны дәл көздеді – 3:2. Артынша, Игита шабуылға қосылып, бірнеше қауіпті соққы жасады, бірақ «Газпром» қақпашысы да осал емес екен. Бірінші таймның аяқталуына бір минут қалғанда ресейліктер қақпамызға төртінші допты еңгізіп үзіліске тамаша көңіл күймен кетті.

Екінші таймның басында «Газпром-ЮГРА» ойыншылары Игитаның қателігін сәтті пайдаланып есепті 5:2-ге жеткізді. Екі минуттан кейін Алешандре ашық тұрған қақпаға соққы жасады, бірақ Купатадзе соңғы сәтте құтқарып қалды. Әйтсе де «Қайрат» ойыншылары бір гол қайтарды. Жуан қақпашымен жалғыз қалып, айласын асырып кетті. Алматылықтар бірнеше соққы жасап есепті қысқартуға ұмтылды. Оңтайлы сәттердің бірінде Алешандре дубльдың авторы атанып, есепті қысқарты - 5:4. Тағы гооол!! Алешандре, хет-трик! Әріптесінен пас алған шабуылшы есепті тең қылды – 5:5. Әттең, «Қайрат» ойыншыларына дәлдік жетіспей жатыр, бірнеше соққыларын қорғаушы мен қақпашы қайтарды. Алматылықтар ойын тізгінін өз қолдарына алды. Алаң иелері жеңісті гол соғуды көздеп отыр. Әсіресе Игита аса белсеңділікпен көзге түсуде. Ойын шарықтау шегіне жетті. 41-ші минут... ГОЛ!! Жоан айып соққысын керемет орындап ойын арнасын мүлдем бақа жаққа бұрді – 6:5! Текетірес матч соңына дейін жалғасқанымен қорытынды есеп  6:5 болып қалды.

Осылайша, «Қайрат» финалда «Синара» командасымен кездеседі.

Еременко кубогы. Төрттік финал. Екінші жартылай финал

«Қайрат»-«Газпром-ЮГРА»- 6:5

Голдар: Фумаса, 2, Алешандре 12, 36,37, Жоан 29, 45 – Чистополов, 1, 16, Лысков, 11, Эдер Лима 24, 26

«Қайрат»: Игита, Халявин, Жаманқұлов, Пенгрин, Сүлейменов, Фумаса, Лео, Рубиньо, Алешандре, Кафе, Эулер, Кайо, Барон, Жаон.

«Газпром-ЮГРА»: Купатадзе, Слемзин, Катата, Копейкин, Лысков, Эдер Лима, Марсенио, Рубиньо, Нето, Чишкала, Чистополов, Кудзиев, Давыдов, Бадретдинов.

7-ші наурыз. Алматы. «Балуан Шолақ» спорт кешені.