«Алтай» - «Астана» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елорда командасының жартылай қорғаушысы Дидар Жалмұқан кездесу туралы өз пікірімен бөлісті:

Кездесудің басым бөлігінде допқа иелік етіп, ойын барысын толықтай бақылауда ұстадық. Қақпамызға қажет емес гол жіберіп алдық. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында сәттілік біздің жақта болмады.

- Бүгін бірқатар жас ойыншылар алаңға шықты. Кездесу барысында оларға ақыл-кеңес айттың ба?

- Менің өзім жас футболшымы. Сондақтан оларды кездесу барысында қолдауға тырыстым. Ал жасы үлкен жігіттер ақыл-кеңестерін беріп жатты.