Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов өзінің келесі жекпе-жегі жайында айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Кездесуімнің 7 қыркүйекте өту мүмкіндігі – 80 пайыз. Қазір нақты айта алмаймын, келіссөз жүріп жатыр. Маңыздысы – 14 сәуірді күту. Сол кезде уақытша чемпион анықталады, бәрі соған байланысты. Шамамен, 7 қыркүйекте кездесу өткіземін. Холлоуэй – Порье жұбының жеңімпазымен кездесемін», - деді Хабиб.

Айта кетейік, былтыр қазанда хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор Макгрегорды жеңген болатын. Содан кейін төбелес шығарып, салдарынан жазаланған еді.