«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов Қазақстан кубогының 1/8 финалы аясында «Ертіске» қарсы өткен матч (3:3, пен: 1:3) жайлы пікірін білдірді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі жазды. - Ойын қызықты өтті деген ойдамын. Қос команда да алғы шепте белсенді ойнап, үш голдан соға алды. Қарсыласқа қарағанда біздің мүмкіндіктеріміз көбірек болды, бірақ біз ол сәттерде мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалана алмадық. Жігіттер жандарын салып ойнады. Тек сәттілік жетіспеді. Ойынымыз әрбір матч сайын жақсарып келе жатыр деп ойлаймын. Алдағы уақытта жақсы нәтижелерге қол жеткізе береміз деген сенімдемін. Жанкүйерлердің қолдауымен тек өсе береміз деп үміт етем. Чемпионат енді басталып жатыр. Бәрі жақсы болады, - деді Кәкімов.