Былтырғы маусымда «Ақтөбеде» ойнап, биыл қысқа әзірбайжандық «Карабахқа» оралған бразилиялық форвард Рейналдо жазда командадан кетуі ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Azerisport.com ақпаратына сүйенсек, Рейналдоның ойыны «Карабах» бапкерлік штабының көңілінен шықпай жүр. Ол соңғы үш турда алаңға шыққан жоқ.

Егер форвард жақын арада өз ойынын қайта көрсете бастамаса, ол жазда командадан кетуі мүмкін.

Айта кетейік, былтыр «Ақтөбе» сапында Рейналдо 30 матчқа қатысып, 7 гол соққан болатын.