Қазақстандық дуэт Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев Сатунда (Таиланд) жағажай волейболынан Әлемдік тур кезеңінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық волейболшылар плэй-оффтың үшінші кезеңінде отандастары Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренконы 2:1 (14:21, 21:19, 15:11) есебімен жеңді.