Футболдан ҚР кубогының 1/8 финалы аясында «Қайрат» Бірінші лига командасы «Каспийге» қонаққа барды, деп жазады prosports.kz.

Өткен жылы тек қазақстандық ойыншылармен ел кубогын жеңген алматылық команда биыл да сол үрдісті жалғастырды. Қарт Каспий жағасына тек отандық ойыншылармен барған.

Легионерлеріне сенім артпаса да «Қайрат» көп күш жұмсамай жеңіске жетуіне болар еді. Алайда қос бірдей орталық қорғаушы Елдос Ахметов пен Нұралы Әліп алаңнан қуылып, тоғыз адаммен қалды. Одан да өкініштісі, екі қорғаушы да қызыл қағазды қарсыласын қасақана ұрғаны үшін алды.

90 минут тең есеппен (1:1) аяқталды. Қосымша уақытта есеп өзгермеді. Ал пенальти сериясында қонқатар жеңіске жетті. Есеп - 5:6. Плотников екі пенальтиді қайтарды.

«Каспий»«Қайрат» 1:1 (0:1, 1:0, 0:0 қосымша уақыт.)

Гол соққандар: Р. Хайруллин 58 – Астанов 18

Пенальти сериясы: 5:6

Алаңнан қуылды: Алип 11, Ахметов 28

10 сәуір, Ақтау, «Жас Қанат»

«Каспий»: Аязбаев (Қ, К), Набиханов, Яньич, Воротников, Жанысбаев, Р. Хайруллин, Шестаков, Сахалбаев, Чубрило, Габышев, Кусяпов.

Қосалқы құрам: Муханов, Горда, Канат, Мурзабеков, Тайкенов, Муканов, Гетериев, Кабылан, Бегалин.

«Қайрат»: Плотников (Қ, К), Алип, Ахметов, Соколенко, Суюмбаев, Сарсенов, Абикен, Оразов, Швырев, Битусупов, Астанов.

Қосалқы құрам: Устименко, Адахаджиев, Айторе, Нурдалиев, Шушеначев, Нурмугамет.