Футболдан ҚР кубогының 1/8 финалы аясында «Оқжетпес» шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады, деп жазады prosports.kz.

Бұл кездесудің тағдырын қорғаушы Темірлан Ерлановтың 75-ші минутта соққан жалғыз голы шешті.

«Оқжетпес»«Ордабасы» 0:1 (0:0)

Гол соққан: Ерланов 75

«Оқжетпес»: Багинский (Қ), Зорич, Касминин, Стоянович, Даиров, Ерсалімов, Жұмаханов, Калинин, Кислицын, Молдакараев (К), Рудосельский.

«Ордабасы»: Непогодов (Қ), Фонтанелло (К), Ковальчук, Диакате, Ерланов, Быстров, Малый, Досмағамбетов, Шамші, Ли, Жаңғылышбай.