Таиландта өтіп жатқан ханшайым Маха Чакри Сириндхорнның жүлдесі үшін әйелдер арасындағы халықаралық турнирдің екі кезеңі аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Аталған турнирде бақ сынап жатқан Қазақстан құрамасы сапынан үздік нәтижені Наталья Сайфутдинова тіркеді. Ол мәре сызығын 11–ші болып кесті.

Екі кезеңнен кейінгі жалпы есеп:

1. Джутатип Манифан (Таиланд, Thailand Women's Cycling Team) – 2:18:40

2. Тэниэл Кэмпбелл (Тринидад және Тобаго, WCC Team) – +0:03

3. Юми Кадзихара (Жапония, Ұлттық құрама) – +0:05

11. Наталья Сайфутдинова (Қазақстан, ұлттық құрама) – +0:17

15. Рината Султанова (Қазақстан, ұлттық құрама) – +0:17

30. Светлана Пащенко (Қазақстан, ұлттық құрама) – +0:17

32. Анжела Соловьева (Қазақстан, ұлттық құрама) – +0:17

62. Амилия Искакова (Қазақстан, ұлттық құрама) – +6:41