Еркін күрестен Ұлан-Баторда аяқталған «Монғолия оупэн» халықаралық турнирінде, жерлестеріміз екі медальге қол жеткізді, деп хабарлайды confederation.kz.
 
Аманесен Бақытханұлы 74 келі салмақ дәрежеде алтыннан алқа тақса, Мамед Ибрагимов 97 келі салмақта қола медаль еншіледі. 
 
Аталмыш жарысқа қазақстандықтардан өзге, Болгария, Қытай, Жапония, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен АҚШ құрамалары қатысты.