Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Алтай-Торпедо» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Ресейлік маман Виктор Богатырев жаңа маусымнан бастап өскемендік клубты жаттықтырады.

Виктор Богатырев «Барыс» жүйесінде қызмет етті, фарм-клубқа жетекші болды. Одан бөлек, көкшетаулық «Арлан» командасында жұмыс жасады.