Лондондық "Тоттенхэм" "Манчестер Сити" командасымен кездесіп, Чемпиондар лигасының 1/4 финалында жеңіске жетті. Кездесу Лондонда "Тоттенхэм Хотспур" стадионында өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Кездесудің 13-ші минутында қонақтар пенальти орындауға мүмккіндік алған. Алайда, Серхио Агуэро тепкен добын Уго Льорис қайтарды. Жалғыз голды 78-ші минутта Сон Хын Мин соқты.