Жоғары хоккей лигасы аясында 1/8 плей-офф финалының үшінші кездесуінде қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы мәскеу облысының «Динамосын» ұтты.

Қарағандылық команда ресейліктердің қақпасына үш жауапсыз гол соқты. Константин Макаров, Михал Махо мен Кирилл Лебедев голдардың авторы атанды. Қорытынды есеп 3:0.

Осылайша, қос команда арасындағы үш кездесудің қорытындысы бойынша «Сарыарқа» жалпы есепте 2:1 есебімен алға шықты.

«Динамо» (Балашиха) – «Сарыарқа» (Қарағанды) 0:3 (0:0, 0:2, 0:1)

0:1 – Макаров (Лучкин) – 36:47

0:2 – Махо (Антоновский) – 39:07

0:3 – Лебедев (Лучкин, Макаров) – 40:26

ҚақпашыларЗаливин – Ковач

Жалпы есеп: 2:1