Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов әлемдік рейтингіде жоғарылады.

Өткен демалыста Түркияның Анталия қаласында өткен Гран-при турнирінде Сметов жеңімпаз атанған. Спортшымыз жаңартылған рейтингіде бір саты жоғарылап, бесінші орынға табан тірді.