Англия чемпионатының төменгі лигасында ойнайтын «Труро Ситидің» футболшысы Майкл Херв «Конкорд Рейнджерс» құрамасына қарсы ойында жарақат алып, үш сағат алаңда дәрігерлерді күткен.

Бұл туралы eurosport.ru хабарлады. Херв жергілікті уақытпен 16.30-да иығын зақымдап алды. Жарақат салдарынан ойын тоқтап қалды.

Қатты ауырсынған футболшы алаңнан кете алмай, дәрігерді күтті. Медециналық көмек 19.10-да ғана стадионға жеткен.