Сочи Олимпиадасының мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдегері Денис Тен алдағы Жапонияда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды.

«Өкінішке қарай мен Әлем чемпионатына қатыспаймын. Жарысқа баруды жоспарлап қойған жанкүйерлерімнен кешірім өтінемін. Мәселе шешілгеннен кейін, мен жаңа күшпен қайта ораламын», - деп жазды Тен «твиттердегі» ресми парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, мәнерлеп сырғанаудан әлем біріншілігі 24-30 наурыз күндері Жапонияның Саитама қаласында өтеді.