Ярослава Шведова АҚШ-тың Индиана-Уэллс қаласындағы BNP Paribas Open турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда Оңтүстік Африка Республикасының теннисшісі Шанель Схеперстен үш сетте 4:6, 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. 

Келесі кезеңде Шведова Эстониялық теннисші Кайя Канепимен күш сынасады.