Астаналық «Барыс» хоккей клубының құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды.

Елордалық команда 1/4 финалда «Автомобилистпен» күш сынасады. Алғашқы ойын 8 наурызда Астанада өтеді. Екі команда да соңғы турдағы ойынын әлі өткізген жоқ. Дегенмен, «Сибирь»командасы өз алаңында Новокузнецкінің «Металлургін» жеңгеннен соң, олардың 6-орында қала беретіні белгілі болған. Яғни, 7-ші орынға «Автомобилист» табан тірейді.

Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» шығыс конференциясында 2-орын иеленді. Екатеринбургтің клубымен «Барыс» бұған дейін 10 рет кездесті. Соның 6 ойынында елордалықтардың мысы басым түсті. Қалғанында «Автомобилист» хоккейшілері жеңіс тойын тойлады.

«Барыстың» ширек финалдағы ойындар кестесі

«Барыс»

8 наурыз

9 наурыз

 

 

14 наурыз

 

18 наурыз

«Автомобилист»

  

11 наурыз

12 наурыз

 

16 наурыз