Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Юрий Красножанның бапкерлігімен алғашқы кездесуін өткізді. Түркияда Литва құрамасына қарсы өткен жолдастық матч 1:1 есебімен тең аяқталды. 
 
Матчтың төртінші минутында жерлестеріміз өз қақпасына гол жіберіп алды. Бұрыштамадан кейін Лукас Спальвис Андрей Сидельниковтың қателігін ұтымды пайдаланып таблодағы есепті ашты. Артынша, екінші таймда тыңнан алаңға қосылған Нұрбол Жұмасқалиев Таңат Нөсербаевтың пасынан кейін таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп - 1:1
 
 
Қазақстан – Литва 1:1 (0:1)
 
Голдар: Жұмасқалиев (69) – Спальвис (4).