Футболдан жастар Қазақстан құрамасы (U-21) 2015 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Исландия құрамасын жеңді.  
 
Кездесудің басында-ақ отандастарымыз қонақтардың қақпасына егі гол соғып үлгерді. Алдымен жетінші минутта Рунарссонның қателігін Талғат Жанғылышбай сәтті пайдаланып, ашық тұрған Станислав Лунинге нәтижелі пас шығарды, соңғысы бос тұрған қақпаға гол соқты. Бес минуттан кейін "Шахтердің" ойыншысы Роман Мұртазаев сол қапталдан жойқын соққымен есепті ұлғайтты. 
 
Екінші таймда исландиялықтар жиі шабуылдады. Сол шабуылдардың бірінде 60-шы минутта Хольмберт Фридьонссон есепті қысқартты. Араға жеті минут салып бұрыштамадан кейін Йюртер Херманнсон Покатиловтың қақпасына гол соғып есепті теңестірді. 
 
Дегенмен, жігіттеріміз бұл кездесуде үш ұпайға қол жеткізе алды, Исламбек Қуат ойын бітуіне бір минут қалғанда алыстан соққымен өз командасына жеңіс әперді - 3:2. 
 
 
Қазақстан (U-21) — Исландия (U-21) 3:2 (2:0)
 
Голдар: Лунин, 7 (1:0), Мұртазаев, 12 (2:0), Фридьонссон 60 (2:1), Херманнссон 67 (2:2), Қуат 89 (3:2).
 
Ескерту алғандар: Сартақов 18, Лунин 45, 86
 
Алаңнан қуылды: Лунин 86
 
Қазақстан (U-21): Покатилов, Мирошниченко, Қожабаев, Пасечник, Бейсебеков (Пикалкин, 92), Сартақов, Исламхан, Қуат, Лунин, Мұртазаев (Ли, 84), Жанғылышбай (Ульшин, 60)
 
Исландия (U-21): Рунарссон, Ингасон, Херманнссон, Магнуссон, Траустасон (Атласон, 85; Пальсон, 93), Эмильссон (Вильяльмссон, 46), Омарссон, Йеоманн, Бедварссон, Фридьонссон, Тораринссон.
 
Бас төреші: Домагой Вучков (Хорватия)