Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін «Qazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері үшін өтетін жекпе-жек 12 сәуір күні Лос Анжделесте өтеді. Кездесу 10 раундқа жоспарланған.

Жәнібектің қарсыласы кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген, тәжірибелі мексикалық Кристиан Олливас болмақ. Бокс кешін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді деп жоспарлануда.