«Манчестер Юнайтедтің» капитаны сербиялық футболшы Неманья Видич маусым аяқталған соң миландық «Интерге» ауысады, деп хабарлайды inter.it сайты.
 
32-жастағы орталық қорғаушы «нерадзурримен» келісімшартқа қол қойды.
 
Видич МЮ-ге 2006 жылы мәскеулік «Спартактан» көшкен болатын. Ауысқаннан бері футболшы сегіз жыл ішінде ағылшын Премьер-лигасында 204 кездесу, Чемпиондар лигасында 52 ойынға қатысып жалпы 17 гол соқты.