33 жастағы испаниялық теннисші Николас Альмагро жақын арада карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Тізе ауруына байланысты испаниялық теннисші мансабынан кетпекші. Бұл жайлы бүгін-ертең хабарлайды.

Альмагро кәсіби түрде тенниспен 2003 жылдан бері шұғылданып келеді. Өз карьерасында жекелей сында 13 титулға ие болған, Australian Open және «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында өнер көрсеткен.

Әлемдік рейтингте 9-шы орынға дейін көтерілді.