Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында мәскеу облысының «Орехово-Зуево» командасымен кездесті.
 
Анталья қаласында өткен матч қызылордалық команданың жеңісімен аяқталды. Есеп - 4:0. 
 
«Қайсар» сапында гол соққандар: Розыбакиев, Молдақараев, Савич және Алумона.
 
Оқу-жаттығу жиыны 7-ші наурыз күні аяқталады. Ал 9-ші наурызда «Қайсар» Қызылордаға оралады.
 
Қазіргі таңда тағы бір ойыншымен келісімшарт жасалды. «Іле-Сәулеттің» 21 жасар қақпашысы Кирилл Короткевич жаңа маусымнан бастап «Қайсар» намысын қорғайды.