«Пари Сен-Жермен» клубының жартылай қорғаушысы Адриен Рабьо Instagram желісінде «Манчестер Юнайтед» экс-қорғаушысы Патрис Эвраның жазбасына лайк басқаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Marca.

Эвра Instagram парақшасында «МЮ» ПСЖ-ны жеңгеніне байланысты қуанып жатқаны видеосын жариялаған. Осы видеоны тамашалап, лайк басқан Рабьоның әрекетіне наразылық білдірген клуб өкілдері оған тәртіптік жаза қолданды. Футболшы алты ойынға қатыспайды.