Туриндік «Ювентус» Италия чемпионатының 31-турынан соң чемпион атануы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

31-турда «Ювентус» «Миланмен» кездеседі. Ал екінші орындағы «Наполи» «Дженоамен» ойнайды. Туриндік клуб «Наполиден» 18 ұпайға озып тұр. Егер алдағы турда «Ювентус» жеңіске жетіп, «Наполи» ұтылып қалса, туриндіктер мерзімінен бұрын чемпион атанады.

Бұған дейін италиялық А Сериясының тарихында ешкім 7 тур бұрын чемпион болып көрмеген.