«Арсенал» футбол клубының қос ойыншысы - Пер Мертезакер мен Томаш Росицки лондондық клубпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды «канонирлердің» ресми сайты. 
 
Естеріңізге сала кетсек, Мертезакер лондондық клубқа 2011-ші жылы ауысқан болатын, ал Росицки «Арсеналдың» намысын қорғап жүргеніне сегіз жыл болды.  
 
«Пер мен Томаш өте тәжірибелі және жоғары деңгейлі ойыншылар. Бұл жағымды жаңалықты, әріптестері қуанышпен қарсы алды», - деді «зеңбірекшілердің» бас бапкері Арсен Венгер.