«Астана» клубының шабуылшысы Жуниор Кабананга алдағы жоспары туралы бөлісті.

- Сіз Қазақстанда 2015 жылдан бастап ойнап келесіз. Төрт жыл бұрын бейтаныс елге қандай оймен келгеніңізді еске түсіре аласыз ба?

- Иә, төрт жарым жыл бұрын Мен Қазақстанға келдім және сол кезде бұл елді мүлдем білмедім. Бірақ уақыт өте келе мен көп нәрсені үйрендім. Қазақстан маған көп нәрсе берді. Бұл менің екінші үйім. Мен өз өмірімде Қазақстанды әрдайым есімде сақтап, оған жанкүйерлік ететін боламын.

Төрт жарым жыл бұрын менде үлкен мотивация болды, себебі «Астана» УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде ойнады және мен үшін бұл командаға топқа шығуға көмектесу маңызды міндет болды. Және біз ол мақсатқа қол жеткізе алдық. Одан бері біз әр жыл сайын еурокубоктердің топтық кезеңіне шығып, ел біріншілігінде чемпион атанып келеміз. Сондықтан Қазақстан – менің кәсіби мансабымның ең жарқын сәттері деп сеніммен айта аламын. Барлық адамдарға ризамын. Ал олардың көмегімен бұл шындыққа айналды.

- «Астана» сапынан Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубына ауысуыңыз қате шешім болды дей аласыз ба?

- Менің ойымша, ол маған қажет тәжірибе болды. Мен Сауд Арабиясында болған кезімде ойнадым,гол соқтым, жаттықтым – футболдың басқа да көрінісіне ие болдым. Қазір мен «Астана» сапында ойнаймын. Өткен маусым соңында үйде демалыста болып, маған ойын тәжірибесі жеткіліксіз болды. Қазір ақырындап спорттық бабыма келіп, оны біртіндеп жақсартып жатырмын. Бірақ Сауд Арабиясында өзіме қажетті тәжірибе жинадым.

- Сізді «Астана» футбол клубы 2019 жылдың жазына дейін жалға алған болатын. Қазақстандық клубта осы келісімшарт аяқталғаннан кейін қаласыз ба?

- Жалға алу мерзімі маусым айында аяқталады. Менің «Аль-Насрмен» тағы бір жыл келісімшартым бар. Бірақ бұл туралы ойлап жатқаным жоқ. Менің бар ойым «Астанаға» көмектесуге бағытталған. Егер, «Астана» сапынан кету қажет болса, мен бұл клубтан әдімі кеткім келеді. Себебі, бұл клуб маған көп дүние жасады.

Қазір маусым айы туралы емес, әр жаңа апта, әр ойын туралы ойлаймын. Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін, қалай боларын көреміз. Менің қазіргі бар ойым «Астанада».