Алматылық «Қайрат» футзал клубы 2018/19 жылғы Чемпиондары лигасының финалдық кезеңіне қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Айта кетейік, биылғы төрттік финал Алматы қаласында өтеді. Жартылай финалдың жеребесі 1 ақпан күні Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасында өткен жолдастық кездесу кезінде тартылған еді. Нәтижесінде «Қайрат» испаниялық «Барселонамен», ал «Спортинг» (Португалия) футзал клубы «Интермен» (Испания) жұп құраған.

«Қайрат» АФК (Алматы, Қазақстан):

Қақпашылар:№1 Ринат Умешев (1997);№2 Игита (1986);№13 Дуду (1992, Бразилия);

Қорғаушылар:№3 Владислав Черномордов (1995);№6 Эдсон (1992, Бразилия);№7 Ранжел (1990, Бразилия);№8 Дінмұхамбет Сүлейменов (1981);№11 Диего (1990, Бразилия);№14 Дуглас (1988);№16 Дәурен Нұрғожин (1990);№17 Біржан Оразов (1994);

Шабуылшылар:№5 Серік Жаманқұлов (1983);№9 Джон Леннон (1994, Бразилия);№10 Тайнан (1993);№12 Дәурен Тұрсағұлов (1996);№15 Хоссейн Тайеби (1988, Иран);№18 Шыңғыс Есенаманов (1989).

Бас бапкер — Пауло Рикардо Фигуэра Силва (1977, Бразилия).

«Алматы-Аренеда» өтетін «Барселона» мен «Қайрат» арасындағы матч Астана уақыты 21:30-да басталады.

26 сәуірЖартылай финал18:45 Спортинг — Интер21:30 Барселона — Қайрат

28 сәуір18:45 Үшінші орын үшін матч21:30 Финал