Қазақстандық теннисші Зарина Дияс мексикалық Монтеррей қаласындағы өтіп жатқан WTA турнирінің 1/8 финалы аясында Виктория Азаренкомен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Жерлесіміз Белоруссия елінің өкілінен екі сетте - 6:2, 6:3 есебімен жеңілді. Кездесу 1 сағат 7 минутқа созылды.

Ширек финалда Азаренко ресейлік Анастасия Павлюченкоға қарсы ойнайды.