Лондондық «Челсидің» қақпашысы Петр Чех жетінші рет Чехияның үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды чехияның БАҚ өкілдері. 

Чехиядағы ойыншылар мен бапкерлер арасындағы жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша Петр Чех «Арсенал» футболшысы Томаш Росицки мен «Фрайбург» қорғаушысы Владимир Даридуны озып 2013-ші жылдың үздік ойыншысы атанды.

«Бұл жүлдені ұтудан ешқашан жалықпаймын. Жыл сайын  ойынымды жетілдіруге тырысамын», - деді Чех жүлдені ұсыну кешінде.