Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) 12 сәуірде Лос-Анджелес төрінде өтетін бокс кешіне дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

«Спаррингтің соңғы күні. Біз төбелеске дайынбыз», – деген Жәнібек өзінің инстаграм-парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуірде Лос Анжделесте WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеуі үшін 10 раундттық жекпе-жек өткізеді.

Жәнібектің қарсыласы кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген, тәжірибелі мексикалық Кристиан Олливас болмақ.