Шымкенттік «Ордабасы» 27 жастағы бельгиялық жартылай қорғаушы Зиги Бадибангамен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Зиги бельгиялық «Андерлехт», «Шарлеруа», голландиялық «Де Графсхап», грекиялық «Эрготелис», «Астерас», кипрлік «Омония» клубтарында өнер көрсеткен. Соңғы рет Зиги «Шериф» клубында ойнаған.