Жарақат алып, бірнеше ойынды жіберіп алған «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасы ширек финалының бірінші матчына қатысуға дайын, деп жазады prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың жазуынша, португалиялық футболшысының қазіргі жағдайы жақсы және уақытынан бұрын қалпына келуге мүмкіндігі бар.

Роналду 6 сәуірде «Миланға» қарсы ойынға қатыспауы мүмкін. Алайда чемпиондар лигасы аясындағы «Аякске» қарсы матчқа шығады.