Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев команданың Азия чемпионатындағы мақсаты жайлы айтып берді. Бұл туралы ҰОК жазған.

«Азия чемпионаты алдында үлкен мақсат қойдық. Барлық салмақ дәрежесінде медаль үшін күрес жүргіземіз. Дайындықтың қорытындысын Алматыдағы жиынмен аяқтаймыз. Азиядағы бәсекелестіктің жоғары екені анық. Негізгі қарсыластар Өзбекстан, Таиланд, Үндістан және Филиппин елдерінің боксшылары болады», – деді жаттықтырушы.