Таиланд елінің Чанг Май қаласында өтетін әйелдер арасындағы халықаралық турнирде бақ сынайтын шабандоздарымыздың есімдері белгілі болды.

Жарысқа Қазақстан командасы мына құраммен: Амилия Искакова, Наталья Сайфутдинова, Светлана Пащенко, Рината Султанова және Анжела Соловьева қатысады.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасының Вадим Кравченко жаттықтырады. Ал жарыс 6-11 сәуір аралығында өтеді.