Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов жаңартылған әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады.

Fight Nights Global тұжырымының чемпионы Жалғас Жұмағұлов әлемдік рейтингте де екі сатыға жоғарылап, 13-орынға жайғасты. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың алдында UFC спортшысы Брандон Марено тұр. Ал бұл салмақтың ең үздік спортшысы UFC чемпионы Генри Сехудо.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегінде Тагир Уланбековты жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Сондай-ақ отандасымыздың UFC тұжырымына ауысуы әбден мүмкін.