«Реал Мадрид» командаға былтыр жазда ғана ауысып келген қақпашы Тибо Куртуаны сатып жібермекші, деп хабарлайды prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының жазуынша, Куртуа «Реал» тізгінін қайта ұстаған Зиданға мүлде ұнамайды.

«Реал Мадридпен» толағай табысқа жеткен француз маманы бельгиялық қақпашыны биыл жазда тарнсферге шығаруды жоспарлап отыр.