Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы ЖХЛ плей-офф кезеңінің 1/8 финалындағы екінші матчында пензаның «Дизельінен» басым түсті.  
 
Өскемендік клубтың хоккейшісі Александр Казначеев матчың бірінші мен екінші периодында ресейліктердің қақпасына үш шайба соғып үлгерді. Бірақ, пензалық Зотов кейін бір гол қайтарса, Дудко жалпы есепті қорытындылады - 2:3.
 
Осылайша, «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Дизельден» есесін қайтарды және жалпы есеп теңесті - 1:1.
 
«Дизель» (Пенза) – «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) 2:3 (0:1, 1:2, 1:0)
 
0:1 – Казначеев – 16:29
 
0:2 – Казначеев (Петров) – 22:12
 
0:3 – Казначеев (Савенков) – 33:38
 
1:3 – Зотов (А. Озолиньш, Кузнецов) – 35:26
 
2:3 – Дудко (Нефедов) – 52:13
 
Қақпашылар: Ключников – Полошков
 
Жалпы есеп: 1:1