Қарағандылық «Сарыарка»  хоккей клубы Жоғары хоккей лигасы аясындағы плей-офф кезеңнің 1/8 финалында «Динамодан»  есесін қайтарды.  
 
Матчтың басында қарағандылық хоккейші Александр Федосеевтің екі соққан шайбасы алаң иелерін бірінші периодта алға шығарды. Артынша, ресейліктер Константин Михайловтың көмегімен бір гол қайтарды. Дегенменде, ойын соңына дейін кеншілер тағы екі шайба соғып жалпы есепті қорытындылады - 4:1. 
 
«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Динамо» (Балашиха) 4:1 (2:0, 0:1, 2:0)
 
1:0 – Федосеев (Гомер, Ломако) – 05:29
 
2:0 – Федосеев – 07:56
 
2:1 – Михайлов (Будкин) – 35:12
 
3:1 – Макаров (Федосеев) – 48:11
 
4:1 – Лебедев (Лучкин, Макаров) – 58:21
 
Қақпашылар: Горячевских – Заливин
 
Жалпы есеп: 1:1